Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
03
наурыз
2021

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

🔸Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

🔸Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:

✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.

❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

@edu_news_qz