20
қазан
2022
«25 – қазан Республика күні»мерекесіне орай ұлттық ойындар сайысы,мектеп біріншілігі өтті
№87 жалпы білім беретін мектепте қазан айының 20 күні «25 – қазан Республика күні»мерекесіне орай ұлттық ойындар сайысы,мектеп біріншілігі өтті.Ойынды ұйымдастыру мақсаты:оқушыларды салауатты өмір салтын ұстана отырып ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру болып табылады.Сайыс екі жас ерекшіліктен тұрды,кіші топ және үлкен топ.Кіші топта 4-6 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті және үлкен топта 7-10 сынып оқушылары қатысты.Асық ату бойынша кіші топ арасында 1 орынды Қуанышбек Нұрболат 5сынып,2 -орынды Сулейменов Султан 5 сынып, 5 сынып оқушысы Оразхан Омар 3 орынды иеленді. Үлкен топта 7 сынып оқушысы Қалдаров Рамазан 1-орын,9-сынып оқушысы Ножкин Илья 2-орын,9-сынып оқушысы Арапбаев Ақылбек 3-орынға ие болды.Қыздар арасында өткен "Бес асық"ойынында үлкен топ бойынша 7 сынып оқушысы Муратова Бибіназ 1-орынға және 7 сынып оқушысы Вудуньян Раяна 2-орынға ие болса,74 сынып оқушысы Ғазиз Сымбат 3-орынды иеленген.Кіші топтар арасында жақсы ойын көрсетіп,5 сынып оқушысы Аширтөре Жания 1-орынды,5 сынып оқушысы Нурмаматова Ажар 2-орынды және Кошарова Рабия 3-орынды иеленген.Республика күніне арнайы "Ұлттық ойын"ұйымдастырған дене шынықтыру пән мұғалімдері Канапьянов Асан,Қуанышбек Тілек,Кантуреев Ерлан,Лемісов Азамат ағайларымызға алғыс білдіреміз.