06.01.2023 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданы №87 ЖББМ КММ мектеп мұғалімдеріне арналған «Сабақта АКТ-ны қолдану арқылы педагогикалық тәжірибені тарату және жаңа сабақ жобасын құру», «Жартылай -жаңартылған оқу бағдарламасының жылдық нәтижесі». » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 06.01.2023 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданы №87 ЖББМ КММ мектеп мұғалімдеріне арналған «Сабақта АКТ-ны қолдану арқылы педагогикалық тәжірибені тарату және жаңа сабақ жобасын құру», «Жартылай -жаңартылған оқу бағдарламасының жылдық нәтижесі».
06
қаңтар
2023

06.01.2023 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданы №87 ЖББМ КММ мектеп мұғалімдеріне арналған «Сабақта АКТ-ны қолдану арқылы педагогикалық тәжірибені тарату және жаңа сабақ жобасын құру», «Жартылай -жаңартылған оқу бағдарламасының жылдық нәтижесі».

06.01.2023 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданы №87 ЖББМ КММ мектеп мұғалімдеріне арналған «Сабақта АКТ-ны қолдану арқылы педагогикалық тәжірибені тарату және жаңа сабақ жобасын құру», «Жартылай -жаңартылған оқу бағдарламасының жылдық нәтижесі».
Семинарда ағылшын тілі мен тарих пәні онкүндіктерінің қорытындылары бойынша үздік сабақтардың үзінділері көрсетілді. Ағылшын тілі мұғалімі Мусиева Айнур Габидуловна 9 «Б» сынып оқушыларымен «Экологиялық мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақта оқушылар жаңа сөздермен танысып, экология тақырыбына сөйлем құрастырды. Сабақ соңында табиғи қалдықтардан адамның не істей алатынын, сол арқылы қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосатынын тәжірибе жүзінде нақты көрсетті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зубенко Наталья Борисовна «Уильям Шекспир» тақырыбындағы сабақтың үзінділерін орыс әдебиеті мен тарихы сабақтарында АКТ-ны және оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдалана отырып, мәтінмен қалай тиімді жұмыс істеуге болатынын көрсете білді. Тарих пәнінің мұғалімі Нурмакова Айгерім Даулетовна «Қазақстан Республикасының рәміздеріне - 30 жыл» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың әр тапсырмасында мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді шебер қолданды. Семинар өз жұмысын тренинг түрінде жалғастырды. Жарболова Мөлдір Тұрсынғазықызы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «АКТ арқылы пайдалану арқылы сабақтың дизайнын құру» тақырыбында тренинг өткізді. Бұл тренинг мұғалімдерге әр сабақта АКТ қолданудың тиімді әдістері мен тәсілдерін табуға мүмкіндік берді. Мұғалім Ноғаева Айнаш Закарьяновна қазақ тілі сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді қалай қолданатынын көрсетті. Бірнеше әдіс-тәсілдерді анық көрсетіп, сабақтың қай кезеңінде қолдану керектігін ұсынды. Жұмыс тәжірибесімен бөліскен барлық ұстаздар әріптестеріне алдағы жұмыстарына жағымды әсер қалдырды. ​https://www.instagram.com/p/CnrVjX_sCXo/?utm_source=ig_web_copy_link​​​