Мектепішілік жоспарға сәйкес сәуір айында №87 ЖББМ КММ-де жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы өткізілді. » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік жоспарға сәйкес сәуір айында №87 ЖББМ КММ-де жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы өткізілді.
15
мамыр
2023

Мектепішілік жоспарға сәйкес сәуір айында №87 ЖББМ КММ-де жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы өткізілді.

Мектепішілік жоспарға сәйкес сәуір айында №87 ЖББМ КММ-де жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты :
Жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Апталықтың ашылуына орай мектептің дәліздері пәндік ерекшелікке сай безендірілді. Құрылған жоспарға сай апталық барысында химия-биология пәнінің мұғалімдері Турлыкожаева Қ. М., Камирдинова Г.И., Сатекова М.К, биология пәнінің мұғалімдері Пахаева А.Ш., Бахытбекқызы М., химия пәнінің мұғалімі Себекова А.А. және география пәнінің мұғалімдері Атембекова Ж.М. , Чаев А.А., Сраилова К.М. 5-11 сыныптарда танымдық ашық сабақтар көрсетті.
Оқушыларды қызықтыру мен шараға жұмылдыру әрі үзіліс кезіндегі уақытты тиімді пайдалану мақсатында 7-11 сыныптар арасында биология пәні бойынша Турлыкожаева Қ. М. және Камирдинова Г.И. және химия пәні бойынша Сатекова М.К және Себекова А.А викториналық сұрақтар сайысын ұйымдастырды. Сұрақтарға оқушылар, мұғалімдері мен мектеп қызметкерлері де қызығушылықпен қатысты. Әр дұрыс жауапқа бағалау ретінде сыйлықтар ұсынылды. Оқушылардың танымдық қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыру мақсатында география пәнінің мұғалімдері Атембекова Ж.М., Чаев А.А. тарапынан ұйымдастырылған «1000 фактов о географии» блиц-турнирі, Сраилова К.М. ұйымдастыруымен өткен «Жаратылыстану білгірлері» квесті және биология пәнінің мұғалімі Бахытбекқызы М. «Витамины» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді.
Сабақтар мен сыныптан тыс шараларға пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді. Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты. https://www.instagram.com/p/CsP_uJZpHgX/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Похожие публикации: