Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
17
тамыз
2023

Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

https://www.instagram.com/p/CwCX6WQMmlU/
Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

1. Алматы қаласы білім басқармасының "№87 жалпы білім беретін мектеп" КММ. Педагогтардың бос лауазымына конкурс жариялайды (ағылшын тілі пәні мұғалімі орыс бөлімінде-1 мұғалім., тарих пәні мұғалімі орыс сыныптарында-1 мұғалім, информатика пәні мұғалімі орыс сыныптарында -1 мұғалім, педагог-ұйымдастырушы 1 мұғалім), мекенжайы: 050015/А20А4Х4, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, "Көкмайса" шағын ауданы, 43А үй, тел: 8 (727)290-43-41, электрондық мекенжайы: school87edu@mail.ru

2. Орыс бөлімінің ағылшын тілі мұғалімі 1 ставка (16 сағат)., тарих пәні орыс сыныптарында-1 ставка (16 сағат) лауазымы, информатика пәні мұғалімі орыс сыныптарында -1 ставка (16 сағат), педагог-ұйымдастырушы 1 ставка  негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген;
1)Лауазымдық міндеттері: оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады. Білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді. Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының талаптарын орындайды.
2)Еңбекақының мөлшері мен шарттары: санаты мен педагог өтіліне байланысты 145 000-нан 188 000-ға дейін

3. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: біліктілік санаты бар ұлттық біліктілік тестілеуінің болуы ("педагог", "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер")

4. Құжаттарды қабылдау 18.08.2023 ж-28.08.2023 аралығында демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

6. Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.