“Қауіпсіз демалыс. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері. Сел қаупі кезіндегі халықтың әрекеті” тақырыбында дәріс өткізілді. » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қауіпсіз демалыс. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері. Сел қаупі кезіндегі халықтың әрекеті” тақырыбында дәріс өткізілді.
17
мамыр
2024

“Қауіпсіз демалыс. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері. Сел қаупі кезіндегі халықтың әрекеті” тақырыбында дәріс өткізілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысумен “Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті” ұранымен азаматтық қорғау саласы бойынша, мектебіміздің 8-сыныптар арасында Kenes платформасында
“Қауіпсіз демалыс. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері. Сел қаупі кезіндегі халықтың әрекеті” тақырыбында дәріс өткізілді.
Судағы төтенше жағдайлардың басты себептері, азаматтардың
құтқарушылармен күзетілмейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға
жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы
қауіпсіздік талаптарын білмеуінен және оларды ұстанбауынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында
ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр.
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте
сақтаңыздар:
- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға
арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде
шомылуға болмайды;
- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетуге болмайды;
- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға
секіруге болмайды.

Сел - бұл таулы аудандарда тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен үлкен қарқынмен құлай ағуымен сипатталатын құбылыс екені айтылды.
Селдің пайда болу себептері де түсіндірілді - ол мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болады.
Сел дауысын естігенде сайдың етегінен өрге қарай кем дегенде 50-100 м биіктікке көтерілген жөн. Селдің қарқынымен адам өміріне қауіп төндіретін үлкен тастар алыс жерлерге ұшуы мүмкін екендігін ескерген абзал.
Департаментом по чрезвычайным ситуациям города Алматы, под девизом «Культура безопасности среди подрастающего поколения», на платформе Kenes для учащихся 8 классов был проведен мастер-класс на тему: “Безопасный отдых. Правила безопасности на водоёмах.Действия населения при селевой опасности» .
Основными причинами чрезвычайных ситуаций в воде являются не соблюдение требований правил купания на водоёмах.
Запрещаются купания на неохраняемых водоёмах и в местах не предназначенных для купания!
@kokobayeva_gulnara @khurshidamniiazova @edu.almaty @edualmaty @jetisu_audandyk_bilim_bolimi @almaty_mektepteri 

https://www.instagram.com/p/C7D4CznM8SW/?utm_source=ig_web_copy_link​​​