12
желтоқсан
2016
«Татулық пен теңдік жарастығы»
Жетісу ауданы №87 ЖББ мектепте желтоқсанның 12-сі күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Татулық пен теңдік жарастығы» атты гала-концерт болып өтті. Іс шараға Жетісу ауданы білім бөлімінің басшысы Құсайынова Салтанат Амангелдіқызы, «ЗОБАЛАҢ» атты тарихи дастанның авторы, белгілі ақын, публицист, журналист, халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты-Жұмаш Кенебай, «Зобалаң» дастанын ең алғаш сахналаған режиссер, кинотанушы ғалым, профессор-Шаяхмет Имашұлы, «Асфальтобетон» акционерлік қоғамының бас әлеуметтанушысы-Козлова Екатерина Николаевна, Жетісу ауданының мектеп директорлары, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары және ата-аналар қатысты.
Концерттің шымылдығын Республикалық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер конкурсының 1 орын иегерлері, №170 бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері, яғни болашақ №87 жалпы білім беретін мектептің оқушылары «Бәйтерек» биімен ашты.