Алматы қаласы Білім басқармасының"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!"тақырыбындағы тапсырмасы негізінде » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Білім басқармасының"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!"тақырыбындағы тапсырмасы негізінде
13
қараша
2020

Алматы қаласы Білім басқармасының"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!"тақырыбындағы тапсырмасы негізінде

Алматы қаласы Білім басқармасының"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!"тақырыбындағы тапсырмасы негізінде, Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес мектепішілік жоспар бойынша онлайн іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аталған жоспарға сай13.11.20 ж Сәндік қолданбалы өнер бағыты бойынша "Оқушылар қолөнері" тақырыбында онлайн түрде 6-8 сынып кыздарына шеберлік сағаты өткізілді. 11 "А" сынып оқушысы Нурекенова Іңкәр өзі тоқыған ыдыс-аяқтардың астына қоятын кілемшелерді қалай тоқитындығы мен декоративті гүлдер, көбелектер мен бантиктер , қоржын мен жастықтың қалай тігіліетіндігі жөнінде оқушыларға түсіндірді. 8"Ә"сынып кыздары да көркем еңбек пәні сабағында өздері жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, шеберлік өнерлерінің қыр-сырымен бөлісті. Атап айтар болсақ: 8"Ә" сынып оқушылары Ершат Аймар фетр матасына ою-өрнекті жапсырып жасаған сөмкесін қалай тігілуі туралы түсіндірсе, Жангарина Маржан қошқар мүйізді сырмақтың тігілу жолын айтты. Ал, Маматова Нұрайым қоржынның тігілуі жайында түсіндірді. Оқушыларымызды қолөнерге баулығандығы үшін пән мұғалімі А.Юсуповаға,мектептің қоғамдық іс-шараларына белсенді түрде қатысқаны үшін сынып жетекшілері мен оқушыларымызға алғыс білдіреміз. ​https://www.instagram.com/p/CHhxuXzpKsH/​​​

Похожие публикации: