"Көркем сөздің сұңқарлары" атты әдеби кеш өткізілді. » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Көркем сөздің сұңқарлары" атты әдеби кеш өткізілді.
23
сәуір
2021

"Көркем сөздің сұңқарлары" атты әдеби кеш өткізілді.

Жетісу ауданы №87 жалпы білім беретін мектепте сәуір айының 23 жұлдызында "Оқырман мектеп" жобасының жоспары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Бесбаева Назым Есімхановна мен Бекдайырова Ақерке Ахметкалиевнаның ұйымдастыруымен "Көркем сөздің сұңқарлары" атты әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты: қазақтың ақиық ақын-жазушылары, қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары Сәбит Мұқанов, Сафуан Шаймерденов және Шөмішбай Сариев шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау, рухани азық беру, жалынды жырлары мен шығармаларын оқушы жүрегіне ұялату. Кешке қатысқан оқушыларымыз ақын-жазушылардың шығармаларымен сусындап, сонымен қатар өз ой-пікірлерін ортаға салды, шығармалары мен өлеңдерін жатқа оқыды. Кеш соңында ақын-жазушыларымыздың шығармаларын көркем орындаған оқушылар марапатталды