Мектепішілік жоспарға сәйкес 87 ҚМУ-де жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы күн тәртібімен өтті. » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік жоспарға сәйкес 87 ҚМУ-де жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы күн тәртібімен өтті.
17
қараша
2022

Мектепішілік жоспарға сәйкес 87 ҚМУ-де жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы күн тәртібімен өтті.

Мектепішілік жоспарға сәйкес 87 ҚМУ-де жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы күн тәртібімен өтті.
1. Бірінші тоқсанның қорытындысы.
2.Өткізілген оқу іс-шаралары туралы есеп.
Жиында мектеп директоры: Ұлар Аманбекқызы Мылтықбаева сөз сөйлеп, ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында ұстаздар ұжымының алдында тұрған міндеттер мен ата-аналар алдындағы міндеттерді атап өтті, биылғы оқу жылында оқу үрдісіне енгізілген жаңалықтармен таныстырды.
Директордың оқу жөніндегі орынбасары А.Ш.Пахаева мен Р.Б.Разиева мектеп үлгерімі бойынша бірінші тоқсанның қорытындысын баяндаса, директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары атқарылған оқу іс-шаралары туралы толық баяндама жасады.
Педагог-психолог: Жунусова Айгүл Болатқызы «Баланың агрессивтілігі» тақырыбында әңгіме жүргізді. Мақсаты: баланың мүддесі үшін отбасымен ынтымақтастық жүйесін дамыту; отбасында қолайлы климатты құруға және қолдауға ықпал ету. Ата-аналармен «Кактус» сынағы өткізілді, эмоционалды және жеке саланы жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, мектеп директоры У.А.Мылтықбаева жан-жақты жауап берді.Кездесу соңы мектептің өнерлі оқушыларының орындауындағы концерттік бағдарламамен аяқталды. ​https://www.instagram.com/p/ClC7MycqJBn/​​​