Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Еңсесі биік 25 жыл "

Автор: admin от 19-12-2016, 03:06, посмотрело: 672

0 Алматы қаласы Жетісу ауданы №87 ЖББ мектептің оқушылары
"Еңсесі биік 25 жыл " атты Республикалық "Жазбаша шығарма" номинациясы бойынша 10 "А" сынып оқушысы Молдабаева Диана ІІІ дәрежелі лауреат дипломымен , 8 "Ә" сынып оқушысы Махамбет Нұрдаулет І дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.Жетекші мұғалімі: Жанабаева Сәуле Әбілқызы
"Еңсесі биік 25 жыл "

Категория: Информация, Методика и опыт, Традиция школы, Родителям

 

Коучинг

Автор: admin от 9-12-2016, 03:50, посмотрело: 560

0 Коуч қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ноғаева Айнаш Закаряқызы жаңартылған бағдарлама аясында қолданатын педагогикалық әдіс-тәсілдерді көрсетті. Айна стратегиясымен басталған коучингте, елші, джигсо, вейер, схемалық әдістер мен оқу түрлері толық қамтылды.
Коучинг

Категория: Информация, Методика и опыт

 

"Адал Ұрпақ"

Автор: admin от 2-12-2016, 02:25, посмотрело: 1038

0
 30.11.2016ж. № 87 ЖББ мектепте"Адал Ұрпақ" атты өзін-өзі басқару ұйымы президентінің  сайлауы болып өтті. Бұл іс - шара Қ.Р  тұңғыш президентін сайлау күніне орай ұйымдастырылды. Президенттіке  үміткерлер 10 сынып оқушылары: Құрманбек Шыңғыс., Низамова Сайда, Ислам Албина. Көпшілік дауыспен 10"б" сынып оқушысы Низамова Сайда мектеп президенті болып сайланды.                        
 "Адал Ұрпақ" өзін-өзі басқару ұйымының  жетекшісі - Жетісу ауданының Патриоттық жəне адамгершілік ұйымының төрағасы, география пəнінің мұғалімі Чаев Айбар Айдынұлы.

 

"Адал Ұрпақ"

 


Категория: Информация, Методика и опыт, Школьникам, Традиция школы, Родителям

 

"Менің Қазақстаным"

Автор: admin от 22-11-2016, 05:50, посмотрело: 559

0 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25- жылдық мерей тойының қарсаңында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ноғаева Айнаш Закаряқызы 6 "г" сыныбында:"Менің Қазақстаным" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағаты үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім- "Қазақстан ұлттардың киелі мекені". Екінші бөлім - "Қазақстан туралы мен не білемін?" викториналық ойын. Үшінші бөлім - "Отан туралы ой-толғау". Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін ортаға салып, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін айқын көрсетті. Тәрбие сағаты "Атамекен" әнімен аяқталып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
"Менің Қазақстаным"
"Менің Қазақстаным"

Категория: Информация, Методика и опыт, Традиция школы

 

"Тәжірибедегі рефлексия"

Автор: admin от 16-11-2016, 00:56, посмотрело: 1602

0 Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагог кадрларының кәсіби дамуының білім беру бағдарламасы бойынша мектепішілік курс ұйымдастырылып, өткізілуде. Мектепішілік курсты мектеп тренері-Ылясов Ербол Үсенұлы жүргізуде. Тыңдаушылар саны-25 мұғалім.
 Мектепішілік курс қысқы, күзгі, көктемгі демалыс күндерінде күнделікті, ал жұмыс күндерінде аптасына бір рет(сенбі күндері) жүргізіледі.
"Тәжірибедегі рефлексия"

Категория: Информация, Методика и опыт, Традиция школы

 

Коллаборативное обучение- обучение в сотрудничестве

Автор: admin от 5-11-2016, 01:14, посмотрело: 277

0 Учителем казахского языка и литературы КГУ ОШ 87 Жалеловой Д.И, прошедшей курсы НИШ 2-го уровня, был проведён коучинг для учителей на тему: " Коллаборативное обучение- обучение в сотрудничестве"
Коллаборативное обучение- обучение в сотрудничестве

Категория: Информация, Методика и опыт

 

«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»

Автор: admin от 10-10-2016, 04:17, посмотрело: 352

0
Педагогикалық кеңесте өткізген
«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»

методикалық-тренинг бойынша рефлексиялық есеп
Мақсаты: Деңгейлік бағдарламаның мазмұны және мақсатымен таныстыру. Мектептегі барлық ұстаздарға жаңа әдістер мен тәсілдер жөнінде мағлұмат беру. Кембридж университеті ұсынып отырған жаңа әдістер мен тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдануды ұсыну.
Күтілетін нәтиже: Деңгейлік бағдарламаның мазмұны және мақсатымен танысады. Мектептегі барлық ұстаздарға жаңа әдістер мен тәсілдер жөнінде мағлұмат алады. Кембридж университеті ұсынып отырған жаңа әдістер мен тәсілдерді өз тәжірибесінде қолданады.
Алғашқы сөзімді ұлы ғалым Демократтың сөзімен бастадым.
1. «Жақсы адам табиғаттан емес, жаттығулардан жасалады»
 Келесі кезекте ұстаздарға бірнеше сұрақ қойдым.
 Оқушылардың білімдерінің деңгейін көтергілеріңіз келе ме?
 Өзіңіз қазіргі заман талабына сай өнегелі ұстаз болғыңыз келе ме?
 Шәкірттеріңіздің Сіздің пәніңізге деген қызығушылығы жоғарлағанын қалайсыз ба?
 Ол үшін не істеу керек деп ойлайсыздар? ...
Әріптестерім өз ойларын айтып жатты. Көпшілігі жаңа әдістер мен тәсілдерге көшу керек дегенді айтты. Сол ойды жалғастыра отырып, өз тренингімнің тақырыбы мен мақсатын аштым. Оқушы белсенділігін арттыру ұшін қолданатын әдістерді- интербелсенді әдіс деп атайтынын айттым. Интербелсенді әдістердің жетістікерін слайдтар арқылы көрсеттім.
Әріптестерімнің бірнеше сағат жиналыста отырғанын ескеріп сергіту сәтін өткіздік. Әріптестерім қатты қуанып, бар ынта жігерлерімен би биледі. Көңілдері бір көтеріліп қалғанын байқадым.
Алдын –ала дайындаған баяндамамды оқи отырып, қазіргі замандағы өз сабақтарымыздағы болатын жайларды еске түсіре отырып, өмірден мысалдар келтіре отырып, заман талабының өзі осы өзгерісті қалап отырғанын, біздің де сол заман ағымынан қалып қоймай, алға батыл қадамдар жасауымыз керектігін айттым. Дәстүрлі сабақ пен жаңа үлгідегі сабақтарды салыстыру үшін бейнебаяндарды көрсеттім. Сол арқылы өздерінен өзгерістің керектігін естідім. Содан кейін барып деңгейлік бағдарламаның мақсатын ашып бердім. Одан нені күтуге болатынына да тоқталдым. Бағдарламаның жеті модулімен таныстыра отырып, осы модулдарды пайдалана отырып өте көп жетістіктерге жетуге болатынын көрсеттім. Кейде біз елемей жүрген дүниелердің маңызы зор екеніне тоқталдым.

АКТ пайдалана отырып осы тақырыпқа дайындаған слайдтар топтамасын ұсындым. Әр слайдты егжей-тегжей айтып түсіндіруге тырыстым. Топтық жұмыстардың ролі мен маңыздылығына, ынтымақ пен өзара іс-әрекеттегі жұмыстарға баса тоқталдым. Сол сияқты Оқу пирамидасын корсеткенде әріптестерім бар ықластарымен тыңдады. Сонымен қатар Блум токсономиясымен таныстырдым. Әрине көптеген әріптестеріме бұл жаңалық емес еді, дегенмен біраздарына жаңалық екенін байқадым. Ал Чинсентмихайидің Талап ету мен оқу кестесін көрсеткенде олардың да осы талап пен дағдылар жөнінде жақсы хабардар екенін байқадым. Яғни әріптестерім де талап пен дағдыл сәйкес болғанда ғана ағым бір қалыпты және алға жылжитынын айтты.
Қазіргі қарқынды даму кезеңіндегі интербелсенді әдістердің бірі болып табылатын – тренинг әдісі екенін айттым.

Трненигтің басты мақсаты мен міндетіне тоқталдым. Сабақтарда тренинг, ойын, әр түрлі жаттығулардың алуан түрлері бар екенін айтып, өзім қолданып жүрген үш кітапті көрсеттім. Сол сияқты ғаламтор желісінде де осындай сабақтарда қолдануға болатын жаттығу, ойын, тренинг түрлері көп екеніне тоқталдым. Сонымен қатар сергіту сәттерінің де алар орны жөнінде айтылды. Сергіту сәттерін тек бастауыш пен орта буындарда ғана емес, жоғары сыныптар мен осындай педагогикалық жиындарда да өткізуге болатынын ескерттім. Өз ойымды аяқтай келе барлық ұстаздарға ақ парақ үлестіріп, оны бір қолымен мыжыттым. Екінші қолымен қайта қалпына келтіруді сұрадым.



Әріптестеріме ой тастадым. Бұдан шығатын қорытынды не деп ойлайсыңдар деп.Әркім өз ойын айтып жатты. Қорытындыны бірлесе отырып шығардық. Яғни алдымыздағы оқушы да осы ақ қағаз сияқты, оны қалай баптасақ солай болады. Қалай исек, солай иіледі. Сондықтан алдымыздаға ақ пейілді оқушыларымызды өзіміз жаман ғылып алмайық. Әрине ұстаздардың еңбегін тек ұстаз ғана бағалай алады. Ұстазды тек ұстаз түсіне алады. Барлықтарығыздың істеріңізге шын жүректен сәттілік тілеймін! Деп ойымды қорытындыладым.

Тренинг соңында әріптестерімнен рефлексия ретінде жазып Айдаһарға стикерлер арқылы өз ойларын жазып қалдыруын сұрадым. Әріптестерімнің ойларын пед. кеңестен кейін стикелерден оқып, өзгеріске бар ынта жігерлерімен дайын екенін аңғардым.

«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»
«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»
«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»




Категория: Методика и опыт

 

Жас мамандарға арналған: «Тотық жұмыста қолданатын әдіс- тәсілдер» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп

Автор: admin от 10-10-2016, 04:15, посмотрело: 583

0
Жас мамандарға арналған: «Тотық жұмыста қолданатын әдіс- тәсілдер» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.

Мақсаты: Мұғалімдерге топтық жұмыста қолданатын әдіс - тәсілдердің маңызын түсіндіру. Топтық жұмыста қолданатын түрлі тәсілдер туралы мағлұмат беру.
Күтілетін нәтиже: Топтық жұмыста қолданатын әдіс – тәсілдер туралы мағлұмат алады және тәжірибеде қолдана білуге үйренеді.
Коучинг 208 кабинетте: 23.05.2015ж саға 12.30 өтті.
Коучингке барлығы 9 мұғалім, оның ішінде 7 жас маман мен екі тәжірибелі мұғалім қатысты.
Коучинг алдын –ала құрылған жоспар бойынша өтті. Коуч коучингке келген ұстазарға рахмет айтып, жылы сөздермен бастады. Коучингтің тақырыбы мен мақсатымен таныстырды. Топқа бөлу. «Ақ бантик» пен « Ұстазым» әнінің бір –бір жолдары жазылған кағаздарды кеседен алып, әнді айта жүріп екі топқа бөлінді. Коуч өзін- өзі бағалау парақтары мен рефлексия жазу үшін парақтар тарқатты. Өзін –өзі бағалау парағын қалай толтыру керектігі мен өздеріне қоятын баға жөнінде айтып өтті. Келесі кезекте «Айна» старатегиясы бойынша бір- бірімен танысты. Жағымды психологиялық ахуал орнады. Әр топ өзіне ат қойды, топ жетекшісін тағайындады. Топ ережесін постерге жазып, оны қорғап шықты. Ой толғау бөлімінде: ұстаздар өздерінің белсенділігін жақсы көрсетті. Ұстазадарға мынадай сұрақтар қойылды: Топқа бөлу керек пе? Топта қанадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады? Топпен жұмыстағы басты қағида не? Топ жұмысын қалай бағалауға болады? Жас мамандар болса да жаңалыққа жаны жақын емес пе, қызу талқылау болды. Әріптестерім өз ойларын ортаға салды. Топтық жұмыстарға байланысты бірталай білімдерінің барлығын көрсетті. Сол сияқты «Мұғалімге арналған үлестірмелі құралдан» топтық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған нұсқаулық атты мәтінді талдағанда да әріптестерім өз ойларын жақсы білідіре алды. Мәтінді жақсы түсініп оқыды, бірін – бірі толықтырып, жұмыла жұмыс жүргізді.
Ұстаздарға әсіресе Джингсо әдісі қатты ұнаған сияқты. Себебі: екі топқа да берілген мәтінді жылдам, әрі тез талдай алды. Осы әдісті сабақта пайдансақ жақсы болады екен, сынды сөздерді айтып жатты. «Ашық сұрақтар» атты бейнебаянды көргенде, өздері расымен қазіргі заман талабына сай жастардың көңіл –күйлеріне дәл, жаңа технолгиямен құрылған сабақ екенін айтты. Өздерінің сабақтарымен салыстыра отырып, жаңа әдістер мен тәсілдердің шындығында керемет жетістікке апарарын мойындап, берілген дүниелердің барлығын қабылдап алғысы келкетіндігін көрсетті.
Ал мұқият жаздырту дағдысын диктант –эстафета түрінде өткіздім. Ол әдісте әріптестерім тіпіті жас балаларша шулап кетті. Біріне – бірі көмек беруге тырысып жатты. Әріптестерімнің көзінен жалынды байқадым. Міне нағыз керемет! Сергіту сәтінің орны тіптен бөлек болды. Коучинг қорытындысы ретіне сабақтың басында қойылған сұрақ қайта қойылды. Әріптестеріменің жауабы бастапқы жауапқа қарағанда едеуір жақсы берілді. Сол сияқты әріптестерім өзін –өзі бағалау парақтарының бағасын қорытып, коучинтен алған әсерін параққа жазып жатты. Коучинг соңында әріптестерім сабақ туралы ойларын стикерлерге жазып, рефлексия суретіне апарып, оқып шаптап жатты. Коучинг біткен соң да әріптестерім тағы қандай мәліметтер бересің сынды сұрақтар мен өтініштер айтып жатты. Олар басқа да тақырыптарда коучингтер өткізуімді өтінді. Жас мамандар тобының жетекшісі Есенгулова Н.Т екеуміз келісіп келер айларда жоспарға сұраныстарына сай коучингтерді кірістіретінімізді айттық. Әріптестерім де мен де жақсы көңіл –күймен тарқастық.




Коуч Ногаева Айнаш Закаряновна








Категория: Методика и опыт

 

«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.

Автор: admin от 10-10-2016, 04:13, посмотрело: 1316

0
«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.


Жалпы мақсаты: Мұғалімдерді диалогтік оқытудың тәсілдерімен таныстырып, іс- тәжірибесінде тиімді пайдалануға бағыт беру.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер диалогтік оқыту тәсілдерімен танысып, өз іс- тәжірибесінде тиімді пайдаланады.
Сілтеме:
1.МАН.
2.Үлестірмелі құралдары.
Түйінді идея: Диалогтік оқытудың тәсілдерін пәнге енгізу бағытындағы дағдыларды ұсыну.
Ресурстар: АКТ. Маркер, флипчарт, стикер, ақ парақ, бейнежазба.
Коучинг 208 кабинетте: 23.10.2015 ж саға 12.30 өтті.
Коучингке барлығы 8 мұғалім, оның ішінде 3 жас маман мен екі үшінші деңгейлі мұғалім, 3 тәжірибелі қатысты.
Коучинг алдын –ала құрылған жоспар бойынша өтті. Коуч коучингке келген ұстазарға рахмет айтып, жылы сөздермен бастады. Коуч әріптестерді ортаға шақырып «Үнсіз диалог» арқылы бір – біріне сыйлық ұсынуды сұрады. Әріптестер өздері бір – бірне сыйлықтар силады.
-Сіздер қандай сыйлық алғандарыңызды қалай білдіңіздер? – деп сұрады коуч. Әріптестер өз ойларын ортаға салды.
-Үнсіз, ишарамен түсінідік - деп.
-Онда үнсіз де адамдар бір – бірін түсінеді екен ғой. Бұл да диалогтің бір түрі екенін білдік. Яғни біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?
-Диалогқа байланысты болар - деді.
- Ия, әріптестер, бүгінгі біздің тақырыпты өздеріңіз таптыңыздар ,-деді.
Сол тұрған жерлерінде оларға жазу жазылған қағаздар ұсынды. Әріптестер оны оқып, мазмұны бойынша топ – топқа бөлінді. Үстелде алдын – ала жазылып қойған топ аттары тұрды Олар: Адамгершілік. Отбасы. Тазалық атты жазулар. Әріптестер өздерінің қолдындағы жазуды оқып қай атауға жақын екенін ойланып, өз үстеліне барып отырды.
Коуч топ басшысының бағалау парақтары мен рефлексия жазу үшін парақтар тарқатты. Топ басшысының бағалау парағын қалай толтыру керектігі мен топ мүшелеріне қоятын баға қойып отыру үшін топ жетекшісін тағайындау керектігі айтылды.
Әр топ өздеріне топ жетекшісін тағайындады.
Бірінші тапсырма: Ой -толғау бөлімінде: ұстаздар өздерінің белсенділігін жақсы көрсетті. Ұстазадарға мынадай сұрақтар қойылды: Диалогтік оқыту тәсілдері жөнінде не білесіздер?
Мұғалімдер үшін оқудағы жаңа тәсілдерінің маңызы қандай?
Өз тәжірибеңізде топпен жұмысты қалай ұйымдастырасыз?Тәжірибелі ұстаздарға қарағанда жас мамандар өте белсенділік көрсетті. Жас мамандар болса да жаңалыққа жаны жақын емес пе, қызу талқылау болды. Әріптестерім өз ойларын ортаға салды. Диалогқа байланысты бірталай білімдерінің барлығын көрсетті.
Келесі кезекте бейнебаян көрсетіліді. Екі кішкентай балалар арасындағы диалог.
-Бұл бейнебаяннан нені байқадыңыз? Екі бала өзара қалай сөйлесті. Бір –бірін ұға алды деп ойлайсыздар ма? – деп коуч сұрақ қойды.
Әріптестер өз ойларын ортаға салды.
Коуч диалогтік оқыту жөнінде ғалымдарың айтқан сөздерін слайтпен көрсетті. Ұстаздар әлемдік ұлы ғалымдардың есімдері мен олардың айтқан пікірлерімен танысты.
Сол сияқты «Танымал есім» ойыны ойналды. (Сұрақ қоюдың маңызы) Осы әдісте әріптестерім тіпіті жас балаларша шулап кетті. Біріне – бірі көмек беруге тырысып жатты.
Онда әр топтан бір – бір мұғалім шығып өздерінің жасырған адамын табуға тырысты. Яғни сұрақ қоюдың маңызын түсінді.
Әріптестер Диалогта сұрақтың алар орны зор екенін ұқты. Осыған байланысты МАН «Сұрақтың түрлері» мәтіні беріліп, осыған орай әр топқа бір – бір сұрақтар қоюды сұрады. (Төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар) Әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, өздері қандай сұрақтар
Сонымен қатар теорияға да байланысты тапсырма берілді. Әр топ жұп- жұпқа бөлінді де танысу үшін «Диалогтік оқыту» деген мәтін беріледі. (Әңгіменің түрлері бойынша) Жұптық жұмыс жүргізілі. Мәтінді жақсы түсініп оқыды, бірін – бірі толықтырып, жұмыла жұмыс жүргізді.
Тапсырма: Диалогтік оқыту түрлері мен тәсілдерін ұғыну. Сол арқылы әр топ әңгіменің бір түріне мысал келтіруі керек.
Рөлдік ойын(Әңгіме-дебат. Зерттеушілік әңгіме. Кумулятивті әңгіме) Әр жұп өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Әріптестерім қатты қызығып, бір – бірмен бәсекеге түстіп кетті.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап, түсінбегендерін талдады.. Әріптестерімнің көзінен жалынды байқадым. Сергіту сәтінің орны тіптен бөлек болды.
Коучинг қорытындысы ретіне сабақтың басында қойылған сұрақ қайта қойылды. Әріптестеріменің жауабы бастапқы жауапқа қарағанда едеуір жақсы берілді. Сол сияқты әріптестерім әр тапсырмадан кейін топтық, жұптық бағалаулар жүргізіп отырды. Топ жетекшісі де бағалау парақтарының бағасын қорытып, коучинтен алған әсерін параққа жазып жатты. Коучинг соңында әріптестерім сабақ туралы ойларын стикерлерге жазып, рефлексия суретіне апарып, оқып шаптап жатты. Коучинг біткен соң да әріптестерім сұрақ қоюдың да маңызы үлкен екенін білмегендерін, расында да диалог арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыратынын жасарған жоқ. Коуч коуинг соңында әріптестеріне үлкен рақмет айтып: «Осы күліп жүрген смайлинтер сияқты сендер де жұмыста қуанып, күліп жүріңдер» – деп, коуч өз атынан бүгінгі коучингтен естелік ретінде смайлинтер салынған өшіргіштерді сиға берді.
Мұғалімдер келер коучинтердің қашан болатынын сұрап, өтініштер айтып жатты. Олар басқа да тақырыптарда коучингтер өткізуімді өтінді. Әсіресе Қауымдастық жетекшісі Канайбекова Н.С. осындай коучингтерді жоспарлап өткізу керектігі және бұған мектеп басшылығы да ат салысуы керектігін айтты. Қауымдастық жетекшісі Канайбекова Н.С екеуміз келісіп, әріптестер сұраныстарына сай коучингтерді жоспарау керек екендігіне тоқталдық. Әріптестерім де мен де жақсы көңіл –күймен тарқастық.
«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.
«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.
«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.
«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.






Коуч Ногаева Айнаш Закаряновна














































Категория: Методика и опыт

 
 
uk casino slots online adult affair sites review порно чат adult sexchat reviews sex webcam sites