«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп. » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.
10
қазан
2016

«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.

«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.


Жалпы мақсаты: Мұғалімдерді диалогтік оқытудың тәсілдерімен таныстырып, іс- тәжірибесінде тиімді пайдалануға бағыт беру.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер диалогтік оқыту тәсілдерімен танысып, өз іс- тәжірибесінде тиімді пайдаланады.
Сілтеме:
1.МАН.
2.Үлестірмелі құралдары.
Түйінді идея: Диалогтік оқытудың тәсілдерін пәнге енгізу бағытындағы дағдыларды ұсыну.
Ресурстар: АКТ. Маркер, флипчарт, стикер, ақ парақ, бейнежазба.
Коучинг 208 кабинетте: 23.10.2015 ж саға 12.30 өтті.
Коучингке барлығы 8 мұғалім, оның ішінде 3 жас маман мен екі үшінші деңгейлі мұғалім, 3 тәжірибелі қатысты.
Коучинг алдын –ала құрылған жоспар бойынша өтті. Коуч коучингке келген ұстазарға рахмет айтып, жылы сөздермен бастады. Коуч әріптестерді ортаға шақырып «Үнсіз диалог» арқылы бір – біріне сыйлық ұсынуды сұрады. Әріптестер өздері бір – бірне сыйлықтар силады.
-Сіздер қандай сыйлық алғандарыңызды қалай білдіңіздер? – деп сұрады коуч. Әріптестер өз ойларын ортаға салды.
-Үнсіз, ишарамен түсінідік - деп.
-Онда үнсіз де адамдар бір – бірін түсінеді екен ғой. Бұл да диалогтің бір түрі екенін білдік. Яғни біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?
-Диалогқа байланысты болар - деді.
- Ия, әріптестер, бүгінгі біздің тақырыпты өздеріңіз таптыңыздар ,-деді.
Сол тұрған жерлерінде оларға жазу жазылған қағаздар ұсынды. Әріптестер оны оқып, мазмұны бойынша топ – топқа бөлінді. Үстелде алдын – ала жазылып қойған топ аттары тұрды Олар: Адамгершілік. Отбасы. Тазалық атты жазулар. Әріптестер өздерінің қолдындағы жазуды оқып қай атауға жақын екенін ойланып, өз үстеліне барып отырды.
Коуч топ басшысының бағалау парақтары мен рефлексия жазу үшін парақтар тарқатты. Топ басшысының бағалау парағын қалай толтыру керектігі мен топ мүшелеріне қоятын баға қойып отыру үшін топ жетекшісін тағайындау керектігі айтылды.
Әр топ өздеріне топ жетекшісін тағайындады.
Бірінші тапсырма: Ой -толғау бөлімінде: ұстаздар өздерінің белсенділігін жақсы көрсетті. Ұстазадарға мынадай сұрақтар қойылды: Диалогтік оқыту тәсілдері жөнінде не білесіздер?
Мұғалімдер үшін оқудағы жаңа тәсілдерінің маңызы қандай?
Өз тәжірибеңізде топпен жұмысты қалай ұйымдастырасыз?Тәжірибелі ұстаздарға қарағанда жас мамандар өте белсенділік көрсетті. Жас мамандар болса да жаңалыққа жаны жақын емес пе, қызу талқылау болды. Әріптестерім өз ойларын ортаға салды. Диалогқа байланысты бірталай білімдерінің барлығын көрсетті.
Келесі кезекте бейнебаян көрсетіліді. Екі кішкентай балалар арасындағы диалог.
-Бұл бейнебаяннан нені байқадыңыз? Екі бала өзара қалай сөйлесті. Бір –бірін ұға алды деп ойлайсыздар ма? – деп коуч сұрақ қойды.
Әріптестер өз ойларын ортаға салды.
Коуч диалогтік оқыту жөнінде ғалымдарың айтқан сөздерін слайтпен көрсетті. Ұстаздар әлемдік ұлы ғалымдардың есімдері мен олардың айтқан пікірлерімен танысты.
Сол сияқты «Танымал есім» ойыны ойналды. (Сұрақ қоюдың маңызы) Осы әдісте әріптестерім тіпіті жас балаларша шулап кетті. Біріне – бірі көмек беруге тырысып жатты.
Онда әр топтан бір – бір мұғалім шығып өздерінің жасырған адамын табуға тырысты. Яғни сұрақ қоюдың маңызын түсінді.
Әріптестер Диалогта сұрақтың алар орны зор екенін ұқты. Осыған байланысты МАН «Сұрақтың түрлері» мәтіні беріліп, осыған орай әр топқа бір – бір сұрақтар қоюды сұрады. (Төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар) Әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, өздері қандай сұрақтар
Сонымен қатар теорияға да байланысты тапсырма берілді. Әр топ жұп- жұпқа бөлінді де танысу үшін «Диалогтік оқыту» деген мәтін беріледі. (Әңгіменің түрлері бойынша) Жұптық жұмыс жүргізілі. Мәтінді жақсы түсініп оқыды, бірін – бірі толықтырып, жұмыла жұмыс жүргізді.
Тапсырма: Диалогтік оқыту түрлері мен тәсілдерін ұғыну. Сол арқылы әр топ әңгіменің бір түріне мысал келтіруі керек.
Рөлдік ойын(Әңгіме-дебат. Зерттеушілік әңгіме. Кумулятивті әңгіме) Әр жұп өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Әріптестерім қатты қызығып, бір – бірмен бәсекеге түстіп кетті.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап, түсінбегендерін талдады.. Әріптестерімнің көзінен жалынды байқадым. Сергіту сәтінің орны тіптен бөлек болды.
Коучинг қорытындысы ретіне сабақтың басында қойылған сұрақ қайта қойылды. Әріптестеріменің жауабы бастапқы жауапқа қарағанда едеуір жақсы берілді. Сол сияқты әріптестерім әр тапсырмадан кейін топтық, жұптық бағалаулар жүргізіп отырды. Топ жетекшісі де бағалау парақтарының бағасын қорытып, коучинтен алған әсерін параққа жазып жатты. Коучинг соңында әріптестерім сабақ туралы ойларын стикерлерге жазып, рефлексия суретіне апарып, оқып шаптап жатты. Коучинг біткен соң да әріптестерім сұрақ қоюдың да маңызы үлкен екенін білмегендерін, расында да диалог арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыратынын жасарған жоқ. Коуч коуинг соңында әріптестеріне үлкен рақмет айтып: «Осы күліп жүрген смайлинтер сияқты сендер де жұмыста қуанып, күліп жүріңдер» – деп, коуч өз атынан бүгінгі коучингтен естелік ретінде смайлинтер салынған өшіргіштерді сиға берді.
Мұғалімдер келер коучинтердің қашан болатынын сұрап, өтініштер айтып жатты. Олар басқа да тақырыптарда коучингтер өткізуімді өтінді. Әсіресе Қауымдастық жетекшісі Канайбекова Н.С. осындай коучингтерді жоспарлап өткізу керектігі және бұған мектеп басшылығы да ат салысуы керектігін айтты. Қауымдастық жетекшісі Канайбекова Н.С екеуміз келісіп, әріптестер сұраныстарына сай коучингтерді жоспарау керек екендігіне тоқталдық. Әріптестерім де мен де жақсы көңіл –күймен тарқастық.
«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.
«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.
«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.
«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.






Коуч Ногаева Айнаш Закаряновна