«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер» » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»
10
қазан
2016

«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»

Педагогикалық кеңесте өткізген
«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»

методикалық-тренинг бойынша рефлексиялық есеп
Мақсаты: Деңгейлік бағдарламаның мазмұны және мақсатымен таныстыру. Мектептегі барлық ұстаздарға жаңа әдістер мен тәсілдер жөнінде мағлұмат беру. Кембридж университеті ұсынып отырған жаңа әдістер мен тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдануды ұсыну.
Күтілетін нәтиже: Деңгейлік бағдарламаның мазмұны және мақсатымен танысады. Мектептегі барлық ұстаздарға жаңа әдістер мен тәсілдер жөнінде мағлұмат алады. Кембридж университеті ұсынып отырған жаңа әдістер мен тәсілдерді өз тәжірибесінде қолданады.
Алғашқы сөзімді ұлы ғалым Демократтың сөзімен бастадым.
1. «Жақсы адам табиғаттан емес, жаттығулардан жасалады»
 Келесі кезекте ұстаздарға бірнеше сұрақ қойдым.
 Оқушылардың білімдерінің деңгейін көтергілеріңіз келе ме?
 Өзіңіз қазіргі заман талабына сай өнегелі ұстаз болғыңыз келе ме?
 Шәкірттеріңіздің Сіздің пәніңізге деген қызығушылығы жоғарлағанын қалайсыз ба?
 Ол үшін не істеу керек деп ойлайсыздар? ...
Әріптестерім өз ойларын айтып жатты. Көпшілігі жаңа әдістер мен тәсілдерге көшу керек дегенді айтты. Сол ойды жалғастыра отырып, өз тренингімнің тақырыбы мен мақсатын аштым. Оқушы белсенділігін арттыру ұшін қолданатын әдістерді- интербелсенді әдіс деп атайтынын айттым. Интербелсенді әдістердің жетістікерін слайдтар арқылы көрсеттім.
Әріптестерімнің бірнеше сағат жиналыста отырғанын ескеріп сергіту сәтін өткіздік. Әріптестерім қатты қуанып, бар ынта жігерлерімен би биледі. Көңілдері бір көтеріліп қалғанын байқадым.
Алдын –ала дайындаған баяндамамды оқи отырып, қазіргі замандағы өз сабақтарымыздағы болатын жайларды еске түсіре отырып, өмірден мысалдар келтіре отырып, заман талабының өзі осы өзгерісті қалап отырғанын, біздің де сол заман ағымынан қалып қоймай, алға батыл қадамдар жасауымыз керектігін айттым. Дәстүрлі сабақ пен жаңа үлгідегі сабақтарды салыстыру үшін бейнебаяндарды көрсеттім. Сол арқылы өздерінен өзгерістің керектігін естідім. Содан кейін барып деңгейлік бағдарламаның мақсатын ашып бердім. Одан нені күтуге болатынына да тоқталдым. Бағдарламаның жеті модулімен таныстыра отырып, осы модулдарды пайдалана отырып өте көп жетістіктерге жетуге болатынын көрсеттім. Кейде біз елемей жүрген дүниелердің маңызы зор екеніне тоқталдым.

АКТ пайдалана отырып осы тақырыпқа дайындаған слайдтар топтамасын ұсындым. Әр слайдты егжей-тегжей айтып түсіндіруге тырыстым. Топтық жұмыстардың ролі мен маңыздылығына, ынтымақ пен өзара іс-әрекеттегі жұмыстарға баса тоқталдым. Сол сияқты Оқу пирамидасын корсеткенде әріптестерім бар ықластарымен тыңдады. Сонымен қатар Блум токсономиясымен таныстырдым. Әрине көптеген әріптестеріме бұл жаңалық емес еді, дегенмен біраздарына жаңалық екенін байқадым. Ал Чинсентмихайидің Талап ету мен оқу кестесін көрсеткенде олардың да осы талап пен дағдылар жөнінде жақсы хабардар екенін байқадым. Яғни әріптестерім де талап пен дағдыл сәйкес болғанда ғана ағым бір қалыпты және алға жылжитынын айтты.
Қазіргі қарқынды даму кезеңіндегі интербелсенді әдістердің бірі болып табылатын – тренинг әдісі екенін айттым.

Трненигтің басты мақсаты мен міндетіне тоқталдым. Сабақтарда тренинг, ойын, әр түрлі жаттығулардың алуан түрлері бар екенін айтып, өзім қолданып жүрген үш кітапті көрсеттім. Сол сияқты ғаламтор желісінде де осындай сабақтарда қолдануға болатын жаттығу, ойын, тренинг түрлері көп екеніне тоқталдым. Сонымен қатар сергіту сәттерінің де алар орны жөнінде айтылды. Сергіту сәттерін тек бастауыш пен орта буындарда ғана емес, жоғары сыныптар мен осындай педагогикалық жиындарда да өткізуге болатынын ескерттім. Өз ойымды аяқтай келе барлық ұстаздарға ақ парақ үлестіріп, оны бір қолымен мыжыттым. Екінші қолымен қайта қалпына келтіруді сұрадым.



Әріптестеріме ой тастадым. Бұдан шығатын қорытынды не деп ойлайсыңдар деп.Әркім өз ойын айтып жатты. Қорытындыны бірлесе отырып шығардық. Яғни алдымыздағы оқушы да осы ақ қағаз сияқты, оны қалай баптасақ солай болады. Қалай исек, солай иіледі. Сондықтан алдымыздаға ақ пейілді оқушыларымызды өзіміз жаман ғылып алмайық. Әрине ұстаздардың еңбегін тек ұстаз ғана бағалай алады. Ұстазды тек ұстаз түсіне алады. Барлықтарығыздың істеріңізге шын жүректен сәттілік тілеймін! Деп ойымды қорытындыладым.

Тренинг соңында әріптестерімнен рефлексия ретінде жазып Айдаһарға стикерлер арқылы өз ойларын жазып қалдыруын сұрадым. Әріптестерімнің ойларын пед. кеңестен кейін стикелерден оқып, өзгеріске бар ынта жігерлерімен дайын екенін аңғардым.

«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»
«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»
«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»