Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңі Жетісу ауданы №87 ЖББ мектеп шаңырағында ұйымдастырылып өтті. » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңі Жетісу ауданы №87 ЖББ мектеп шаңырағында ұйымдастырылып өтті.
25
қаңтар
2023

Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңі Жетісу ауданы №87 ЖББ мектеп шаңырағында ұйымдастырылып өтті.

Жыл сайын Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының ұйымдастырумен 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында үстел теннисі мен асық ату, бес асық бойынша Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңі Жетісу ауданы №87 ЖББ мектеп шаңырағында ұйымдастырылып өтті. Сайысқа Алматы қаласы бойынша 216 оқушы өз бақтарын сынады. Сайыста мектебіміздің оқушылары керемет жетістіктер көрсетті. Атап айтсақ:
«Үстел теннисі» 7-8 сыныптар арасында 2-орын иленсе жаттықтырушысы Кантуреев Е.М, «Бес асық» сайысы бойынша үш бірдей жас ерекшеліктер бойынша , 5-6 сынып жаттықтырушысы Акбаева А.А, 7-8 сынып жаттықтырушы Акбаева А.А., 9-11 сынып жаттықтырушысы Канапьянов А.К командалары түгел 1 орын иеледі. Ал «Асық атудан» 5-6 сынып командасы жаттықтырушысы Лемісов А. 2- орын және 9-11 сынып командасы жаттықтырушысы Канапьянов А.К 1-орынды қанжығасына байлады.
Атап айта кететін қуанышты жаңалық, № 87ЖББМ оқушылар республикалық сайысқа төрт жолдама алды. Олар: «Бес асық» ойынынан үш команда: 5-6 сынып, 7-8 сынып және 9-11 сынып оқушылары және «Асық атудан» 9-11 сынып командасы. Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтап, сәттілік тілейміз! ​https://www.instagram.com/p/Cn0rPYjqr77/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

Похожие публикации: