Бүгін №87 жалпы білім беретін мектепте республикалық жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасындағы "Мұқағали Мақатаев оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті. » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бүгін №87 жалпы білім беретін мектепте республикалық жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасындағы "Мұқағали Мақатаев оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті.
09
ақпан
2023

Бүгін №87 жалпы білім беретін мектепте республикалық жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасындағы "Мұқағали Мақатаев оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті.

Бүгін №87 жалпы білім беретін мектепте республикалық жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасындағы "Мұқағали Мақатаев оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға Жетісу ауданының 8-11 сынып оқитын дарынды, талантты оқушылары қатысты. Байқау тартысты әрі әсерлі өтті. Қатысушылардың жоғары дайындықпен келгендері көрініп тұрды. Қатысушылар үш номинация бойынша сайысқа түсті. "Айтып өткен ақында арман бар ма?" номинациясы бойынша 29 оқушы қатысып, үздіктері дипломдармен марапатталды. І дәрежелі дипломмен №108 ЖББМ оқушысы Бектенов Хангелді, ІІ дәрежелі дипломмен №110 ЖББМ оқушысы Серікжан Аяулым; ІІІ дәрежелі дипломмен № 109 ЖББМ оқушысы Дәулетхан Бекзат, ІІІ дәрежелі дипломмен №143 МЛ оқушысы Якубжанова Зарина, ІІІ дәрежелі дипломмен № 112 ЖББМ оқушысы Мырзашева Ақбота марапатталды.
"Жыр эстафетасы" номинациясы бойынша "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын жатқа айтып, І дәрежелі дипломмен № 109 ЖББМ оқушысы Дәулетхан Бекзат, ІІ дәрежелі дипломмен №143 МЛ оқушысы Якубжанова Зарина, ІІІ дәрежелі дипломмен №2 ЖББМ оқушысы Ниетбай Айару марапатталды.
"Көкірегімде жыр сәулесі маздайды" номинациясы бойынша қатысушылар ақынға аранған өлеңдерін оқыды және қазылар алқасының берген тақырыбы бойынша өлең шығарды. Нәтижесінде І дәрежелі дипломмен № 110 ЖББМ оқушысы Сүлейменова Айдана және № 108 ЖББМ оқушысы Құдайберген Аяжан , ІІ дәрежелі дипломмен № 109 ЖББМ оқушысы Орынқбай Есіл, ІІІ дәрежелі дипломмен № 109 ЖББМ оқушысы Дәулетхан Бекзат және М.Жұмабаев атындағы №137 ЖББМ оқушысы Қырықбай Темірлан марапатталды.​https://www.instagram.com/p/CocGFOgMwHn/?utm_source=ig_web_copy_link​​​


Сегодня в общеобразовательной школе №87 прошел районный этап республиканского конкурса "Макатаевские чтения" среди учащихся 8-11 классов общеобразовательных школ. В конкурсе приняли участие одаренные, талантливые учащиеся 8-11 классов Жетысуского района. Конкурс получился зрелищным и запоминающимся. Было видно, что участники пришли с высоким уровнем подготовки. Участники состязались в трех номинациях. В номинации "Айтып өткен ақында арман бар ма?" приняли участие 29 учеников, лучшие были награждены дипломами. Дипломом І степени награждены Бектенов Хангельды, учащийся ОШ №108, Серикжан Аяулым, учащийся ШГ№ 110, дипломом ІІІ степени награждены Даулетхан Бекзат, учащийся ОШ №109, Якубжанова Зарина, учащийся СОШ № 143, дипломом ІІІ степени награждена Мырзашева Акбота, учащаяся СОШ № 112.
В номинации" Жыр эстафетасы "наизусть прозвучала поэма
" Аққулар ұйықтағанда", дипломом I степени награждена ученица ОШ № 109 Даулетхан Бекзат, дипломом II степени-ученица ШЛ №143 Якубжанова Зарина, дипломом III степени-ученица ОШ №2 Ниетбай Айару.
В номинации
"Көкірегімде жыр сәулесі маздайды " участники прочитали стихи, адресованные поэту, и прочитали стихотворения на заданную тему жюри . В результате дипломами I степени награждены Сулейменова Айдана , учащаяся ШГ № 110 и Кудайберген Аяжан, учащаяся ОШ № 108, Орынкбай Есиль, учащаяся ОШ № 109, Даулетхан Бекзат, учащаяся ОШ №109, и Кырыкбай Темирлан, учащийся ОШ № 137 им.М. Жумабаева.

Похожие публикации: