Отбасы сағаты » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
мамыр
2019

Отбасы сағаты

№87 ЖББ мектепте Отбасы күніне арналған апталыққа байланысты бірнеше іс-шаралар болып өтті. Осы іс-шара аясында 5-сыныптар арасында «Менің отбасым-менің жұмағым» атты тақырыпта сурет салу сайысы болып өтті.

Сонымен қатар мектепте Отбасы күніне арналған отбасылық сурет конкурсы өтті. Конкурсқа 6-7 сынып оқушылары және ата-аналарының арасында өтті. Үздік жұмыстар мектеп фойесіне ілінді.

5 «Ә» сыныбының оқушылары «Дорожник» ықшамауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып,оларды Отбасы күнімен құттықтады. Оқушылар өздері дайындаған шағын мерекелік бағдарламасымен балаларды қуантып, оларға арналған кішігірім сыйлықтарын тарту етті.

1-сынып ата-аналарына арналған сынып сағаты өтті. Конференцияға жалпы көлемі ата-ана қатысты. Сынып сағаттын мақсаты 1-сынып ата-аналарына психолгиялық және педагогикалық көмек көрсету.

«Менің бақытты отбасым» тақырыбында 5-6 сынып оқушылар арасында асфальтқа сурет салу сайысы өтті. Сайыс соңында жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

5 сыныптар арасында«Менің отбасым – менің қорғаным» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. сайыс соңында жеңімпаздпр мақтау қағазымен марапатталды.

Похожие публикации:

19 желтоқсан 2016 "Еңсесі биік 25 жыл "
19 желтоқсан 2016 "I love Astana"
02 желтоқсан 2016 "Адал Ұрпақ"