Жас мамандарға арналған: «Тотық жұмыста қолданатын әдіс- тәсілдер» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жас мамандарға арналған: «Тотық жұмыста қолданатын әдіс- тәсілдер» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп
10
қазан
2016

Жас мамандарға арналған: «Тотық жұмыста қолданатын әдіс- тәсілдер» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп

Жас мамандарға арналған: «Тотық жұмыста қолданатын әдіс- тәсілдер» атты коучинг – сабаққа рефлексивті есеп.

Мақсаты: Мұғалімдерге топтық жұмыста қолданатын әдіс - тәсілдердің маңызын түсіндіру. Топтық жұмыста қолданатын түрлі тәсілдер туралы мағлұмат беру.
Күтілетін нәтиже: Топтық жұмыста қолданатын әдіс – тәсілдер туралы мағлұмат алады және тәжірибеде қолдана білуге үйренеді.
Коучинг 208 кабинетте: 23.05.2015ж саға 12.30 өтті.
Коучингке барлығы 9 мұғалім, оның ішінде 7 жас маман мен екі тәжірибелі мұғалім қатысты.
Коучинг алдын –ала құрылған жоспар бойынша өтті. Коуч коучингке келген ұстазарға рахмет айтып, жылы сөздермен бастады. Коучингтің тақырыбы мен мақсатымен таныстырды. Топқа бөлу. «Ақ бантик» пен « Ұстазым» әнінің бір –бір жолдары жазылған кағаздарды кеседен алып, әнді айта жүріп екі топқа бөлінді. Коуч өзін- өзі бағалау парақтары мен рефлексия жазу үшін парақтар тарқатты. Өзін –өзі бағалау парағын қалай толтыру керектігі мен өздеріне қоятын баға жөнінде айтып өтті. Келесі кезекте «Айна» старатегиясы бойынша бір- бірімен танысты. Жағымды психологиялық ахуал орнады. Әр топ өзіне ат қойды, топ жетекшісін тағайындады. Топ ережесін постерге жазып, оны қорғап шықты. Ой толғау бөлімінде: ұстаздар өздерінің белсенділігін жақсы көрсетті. Ұстазадарға мынадай сұрақтар қойылды: Топқа бөлу керек пе? Топта қанадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады? Топпен жұмыстағы басты қағида не? Топ жұмысын қалай бағалауға болады? Жас мамандар болса да жаңалыққа жаны жақын емес пе, қызу талқылау болды. Әріптестерім өз ойларын ортаға салды. Топтық жұмыстарға байланысты бірталай білімдерінің барлығын көрсетті. Сол сияқты «Мұғалімге арналған үлестірмелі құралдан» топтық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған нұсқаулық атты мәтінді талдағанда да әріптестерім өз ойларын жақсы білідіре алды. Мәтінді жақсы түсініп оқыды, бірін – бірі толықтырып, жұмыла жұмыс жүргізді.
Ұстаздарға әсіресе Джингсо әдісі қатты ұнаған сияқты. Себебі: екі топқа да берілген мәтінді жылдам, әрі тез талдай алды. Осы әдісті сабақта пайдансақ жақсы болады екен, сынды сөздерді айтып жатты. «Ашық сұрақтар» атты бейнебаянды көргенде, өздері расымен қазіргі заман талабына сай жастардың көңіл –күйлеріне дәл, жаңа технолгиямен құрылған сабақ екенін айтты. Өздерінің сабақтарымен салыстыра отырып, жаңа әдістер мен тәсілдердің шындығында керемет жетістікке апарарын мойындап, берілген дүниелердің барлығын қабылдап алғысы келкетіндігін көрсетті.
Ал мұқият жаздырту дағдысын диктант –эстафета түрінде өткіздім. Ол әдісте әріптестерім тіпіті жас балаларша шулап кетті. Біріне – бірі көмек беруге тырысып жатты. Әріптестерімнің көзінен жалынды байқадым. Міне нағыз керемет! Сергіту сәтінің орны тіптен бөлек болды. Коучинг қорытындысы ретіне сабақтың басында қойылған сұрақ қайта қойылды. Әріптестеріменің жауабы бастапқы жауапқа қарағанда едеуір жақсы берілді. Сол сияқты әріптестерім өзін –өзі бағалау парақтарының бағасын қорытып, коучинтен алған әсерін параққа жазып жатты. Коучинг соңында әріптестерім сабақ туралы ойларын стикерлерге жазып, рефлексия суретіне апарып, оқып шаптап жатты. Коучинг біткен соң да әріптестерім тағы қандай мәліметтер бересің сынды сұрақтар мен өтініштер айтып жатты. Олар басқа да тақырыптарда коучингтер өткізуімді өтінді. Жас мамандар тобының жетекшісі Есенгулова Н.Т екеуміз келісіп келер айларда жоспарға сұраныстарына сай коучингтерді кірістіретінімізді айттық. Әріптестерім де мен де жақсы көңіл –күймен тарқастық.




Коуч Ногаева Айнаш Закаряновна