Конкурс туралы хабарландыру » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қаңтар
2015

Конкурс туралы хабарландыру

 

Орта білім беру ұйымдарында білім

алушыларды тамақтандыруды

ұйымдастыру бойынша көрсетілетін

қызметтерді берушіні таңдау

қағидаларына

1-қосымша

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдаужөніндегі конкурстық құжаттама

Алматы қаласы білім беру басқармасы

№87 жалпы білім беретін мектеп КММ

білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау жөніндегі конкурс


Конкурсты ұйымдастырушы:

Алматы қаласы Білім басқармасы «№87 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 050014, Алматы қаласы, Дорожник ықшам ауданы 38 а

ИИК KZ32070102KSN6001000

БИН 961140000817

БИК KKMFKZ2A, Кбе 12

Email: school87edu@mail.ru +7(727)290-43-41.298-92-39.

1. Жалпы ережелер

 

1.Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша

көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 1108 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар 463.

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін

сома 9061600 теңге 00 тиын құрайды.(ҚҚС сомасынсыз).

Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы

белгілеген құннан аспайды.

2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін  қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;

3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін

тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді

қамтамасыз етуді:

1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында KZ040705023603877001орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;

2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-

ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы

конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

9. Конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды: заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтамаберілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдікбанктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс; конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып,

мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралыкуәліктің көшірмесі; осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқақатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық

тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы,теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап

етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.


4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып:

индекс 050050, Алматы қаласы, Дорожник ықшам ауданы, 38 а

Алматы қаласы Білім басқармасының «№87 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі, есепші кабинеті., конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге

жауапты хатщы Садықова Маржан Қасымқанқызы.

Сұранымдар жұмыс күндері сағат 10-00-ден 15-00 дейін 2015 жылғы 2 ақпан қоса ала отырып, сағат 11-00 дейін қабылданады,

Байланыс телефондары: +7(727)290-43-41.298-92-39.

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші жөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілергеқайтарылады. 


5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді 02.02.2015 сағат 14.00-де ашады. Конвертті ашуды конкурстық комиссия

мүшелерінің қатысуымен өткізеді.

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім

берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерін ашады.

17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға

жатады.

18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді

берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады. 


6. Конкурстық өтінімдерді қарау

19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастапкүнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.

21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа

қатысушылар ретінде таниды.

22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын

қояды.

23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткенкүннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау

критерийлерін көздейді.

25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.

26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.

27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының

конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға

конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.

30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына

қолын қояды.

31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.

32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және

шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.

34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға

7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты

ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.

35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурс өтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.

36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.

37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда не конкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік

берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.

38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;

2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу

мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.

39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:

1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы.Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге

қолданылмайды;

2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға

қолданылмайды;

3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында

білім алушыларды

тамақтандыруды ұйымдастыру

бойынша көрсетілетін қызметтерді

берушілерді таңдау жөніндегі

үлгілік конкурстық құжаттамаға

1-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушылар санатының

тізбесі

Оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтің өнім

жеткізушісін таңдау бойынша конкурс

Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру Білім ұйымындағы көрсетілетін қызметтерді алушылардың жалпы саны

Оның ішінде бюджеттен тегін тамақтанатын қызметтерді алушылардың жалпы саны

Қызметті көрсету мерзімі

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома

1

2

3

4

5

6

7

1

Алматы қаласы Білім басқармасының «87 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

1108

 

 

 

463

01.03.2015ж.-дан 25.05.2015ж.-дейін

 

 

Алматы, мкрн.Дорожник 38 А

 

 

7192000

2

Алматы қаласы Білім басқармасының «87 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

1108

 

 

 

41

01.03.2015ж.-дан 31.12.2015ж.-дейін

 

 

Алматы, мкрн.Дорожник 38 А

 

 

1869600

 

13.01.2015г.

 

 

 

«№87 жалпы білім беретін мектеп директоры: Шайкенова Л.Ш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында

білім алушыларды

тамақтандыруды ұйымдастыру

бойынша көрсетілетін қызметтерді

берушілерді таңдау жөніндегі

үлгілік конкурстық құжаттамаға

 

                                                                                                                                                                            2-қосымша

                                                                                                                                                                       



Алматы қаласы Білім басқармасының «87 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім алушыларды тамақтандыруды

ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау

бойынша конкурстық құжаттамаға

техникалық тапсырма

Күнделікті ас мәзірі Алматы қаласының білім беру ұйымы мен Қазақ тағамтану академиясымен бекіткен ас мәзірімен бағасы, салмағы сәйкес болуы тиіс.

Бекітілген жеткізуші қызмет көрсету кезінде қажетті құжаттарды бекітіп және төмендегі міндеттерді орындауы тиіс:

-Санитарлық ережелерді тағамдарды сақтау ережелерінің орындалуы, тұтынушының қауіпсіздігінің қамтамасыз ету және сапалы тағам беру.

-Жұмысқа денсаулығы бойынша рұқсаты бар, кәсіптік, гигиеналық арнайы дайындықтан өткен адамды қабылдау.

-Әр жұмысшының жеке Мед.кітапшасының болуы

-Жұмысқа қабылданған кезде, уақытылы медициналық тексерістен өтіп отыру (медициналық мекемемен келісім шартқа отыру)

-Қажетті құжаттарды күнделікті жүргізу (әр түрлі жұқпалы аурулар туралы және басқа құжаттар)

-Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жұмысшының жұмыс жағдайы сәйкес болуы тиіс Санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс.

-Әр жұмысшыны арнайы киіммен қамтамасыз ету, күнделікті киімнің жуылуын орталықтандыру. (бір жұмысшыға үш комплект киімнен)

-Мұздатқыш, желдету және басқа техникалық құралдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жұмыс басында есептеу, тексеру жұмыстарын жүргізу.

-Тазалағыш, жуу құралдары, өндірістік инвентар және т.б. материалдардың жеткілікті болуын қамтамасыз ету.

-Өткізілген тазалау жұмыстарының бәрін актілеу

-Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектің болуы және уақтылы толтырылып отыруы.

-Қызмет көрсетушілерімен өткізілетін жұмыстар (семинар, әңгіме, сұрақ, жауап)

-Өрт сөндіру құралдарының болуы, бекітілген жеткізушіге ыстық тамақпен қамту қызметін хат кепілдемемен көрсетуіне болады.

-Азық-түліктер, тамақ әзірлеу бөліміне түскеннен кейін гигиеналық талапқа сай құжаттармен бекітілуі тиіс. Олардың сапасы, қауіпсіздігі, шыққан күні, сақтау уақыты бәрі құжаттарда жазылуы тиіс. Азық-түлік біткенше құжаттар сақталуы тиіс.

-Қызмет көрсету кезінде негізгі азық-түліктің сапасына сапа сертификаты болуы керек.

Дайын тағамды тарату дәмін таратылғаннан кейін жүзеге асады. Астың сапасын бағалау брокиражды комиссияны үш адамнан кем емес мүшелерімен жүзеге асады (комиссия мүшелеріне дәрігер, мед бике, аспазшы, білім беру мекемесінің әкімшілігі). Нәтижесі брокераждың «Дайын тағам брокераж» журналына тіркеледі. Нормаға сәйкес келуі тиіс. Бөлінген астың мөлшері ас мәзіріндегі талаптарға сай болуы керек. Ас әзірлеу технологиясының бұзылуы және астың дайын болған кезінде тағам тұтынушыға кемшілігі анықталмай және жойылмай берілмейді.

-Күнделікті жұмыс басталардың алдында дәрігер асхана жұмысшыларының жұмысының ұйымдастыруын, тыныс мүшелерінің, қолының таза болуын, тамақ ауруынан, көз ауруынан тексереді.

-Тез бұзылатын азық-түліктің арнайы жағдайда сақталуын қамтамасыз ету, мұздатқанда қажетті температурасының сақталуын қадағалау. Температураны қадағалау құралы болмаған кезде мұздатқыштардың температураларын бақылау журналына тіркелуі керек 5 нормаға сәйкес

-Әр дайындалған ас мәзірінің техникалық дайындалуын бақылау үшін тәуліктік дәм алынады. Тәуліктен дәм алуды аспаз ұсынысқа сай жүзеге асырады (11 нұсқау, санитарлық ережеге сай) Алынған тағамның сақталуын қадағалауды дәрігер жүзеге асырады.

-Өндірістік журнал-жабдықтар, ыдыстар, өндірістік бөлімнің құралдары болып табылатын заттар. Санитарлық-эпидимиологиялық талаптарға сай болуы тиіс және азық-түлікті сақтауға және пайдалануға болатын материалдан дайындалуы тиіс.

-Барлық орнатылған өндірістік құралдар мұздату құралдары жұмыс істеуі тиіс, жылда тексеруден өткізілуі керек.

-Кейбір техникалық мұздатқыштардың істен шығуына байланысты ас мәзіріне санитарлық нормаға сай дайын тағамдарды пайдалануға беру.

-Міндеттеме хатта көрсетілгендей асханадағы ыдыстар мен құралдарды бір орынға кем дегенде 3 комплект ыдыспен қамту, тазалау, жуу жұмыстарын санитарлық ережеге сай болуын және тарату бөлімінде шкафтың болуын қадағалау.

-Тамақтануды ұйымдастыру кезінде фарфор, (тарелка, стакан) әйнек ыдыстар пайдалануы қауіпсіз материалдардан жасалған ыдыстарды пайдалану қасық, шанышқы, пышақтар болаттан жасалған және ережеге сай болуы керек.

-Жарық, сынық ыдыстар пайдалануға болмайды.

 

Оқушыларды тамақтандыру кестесі

Кассалық аппараттардың болуы

Тамақтарды тасымалдау үшін арнайы құжаты бар, арнайы көлік болуы керек.

Құжаты Гос.санэпидемядан берілуі тиіс, Жүргізуші мен тасымалдаушы Медициналық кітапшасы болуы керек.

Оқушылардың тұтынуына рұқсат етілмеген тағамдарды (газдалған су, чипсы, энергетикалық сусындар, сағыз, құрамында концерванттар бар тағамдар) тұтынбау және сатпау міндеттеледі.

Санитарлық-эпидемиялық тексерістің қорытындысы Гос. санэпидемия ұйымынан мекемеге берілген санитарлық паспорт болуы тиіс.

Бекітілген жүргізуші ыстық тамақ қызметін көрсетуге алғаш қатысса кепілдеме хат беруге құқылы.

Жыл сайын мектептің асханасында жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті.

 

Күні 13/01/2015ж.

 

 

 

 

Директор Шайкенова Л.Ш.____________