Бастапқы әскери дайындық мұғалімі-тұрақты лауазымға вакансия » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастапқы әскери дайындық мұғалімі-тұрақты лауазымға вакансия
20
желтоқсан
2022

Бастапқы әскери дайындық мұғалімі-тұрақты лауазымға вакансия

https://www.instagram.com/p/CmYpyGfslE4/

Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

1.Алматы қаласы білім басқармасының" №87 жалпы білім беретін мектебі " КММ 050015/а20а4х4, Алматы қ., Жетісу ауданы, "Көкмайса" шағынауданы, 43А үй, тел: 8 (727) 290-43-41, электрондық мекенжайы: school87edu@mail.ru, 

2.Бастапқы әскери дайындық мұғалімі-тұрақты лауазымға 1 ставка 
Еңбекақы мөлшері мен шарттары:
1) лауазымдық міндеттері: оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. Оқытудың ең тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады. Білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді. Оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын орындайды.
2) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: санатына және педагог өтіліне байланысты 127 000-нан 145 000-ға дейін

3.Кандидатқа қойылатын, педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік талаптары: біліктілік санаты бар ұлттық біліктілік тестілеуінің болуы ("педагог", "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер")

4.Құжаттарды қабылдау 21.12.2022 ж.бастап 29.12.2022 ж. дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
5.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
6.Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.