21
ақпан
2023
Жетісу ауданы, №87 мектепте ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған "Хан Тәңірінің мұзбалағы" атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
Жетісу ауданы, №87 мектепте ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған "Хан Тәңірінің мұзбалағы" атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Кеш шымылдығы күмбірлеген күймен ашылды. Мектебіміздің жыр сүйер талантты оқушылары көрермендерді Мұқағали жырларымен сусындатты. Ал дарынды жас әнщілер ақынның сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіре орындаса, биші қыздарымыз әдемі билерімен сүйсіндірді. Мұқағалидың өмірінен бір үзік сыр шертетін көріністі де 10-сынып оқушылары өз рөлдерін жоғары деңгейде орындап шықты. Сондай-ақ кеште әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған бал тілді бастауыш сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшілікті тәнті етті. Жыр сүйер қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әдеби-сазды кеш жас ұрпақтың патриоттық әлеуетін дамытуға септігін тигізді деп сенеміз. Кешті ұйымдастырушы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кузембаева Н.М. және кітапханашы Хамитова Ә.Ә. https://www.instagram.com/p/Co9t4yXsaYV/?utm_source=ig_web_copy_link