Құрметті ата-аналар, оқушылар, әріптестер! » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ата-аналар, оқушылар, әріптестер!
07
қыркүйек
2024

Құрметті ата-аналар, оқушылар, әріптестер!

Құрметті ата-аналар, оқушылар, әріптестер! «№87 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биылғы 2024-2025 оқу жылында 1800 оқушыға есігін айқара ашса, оның 125-і бірінші сыныпқа алғаш рет партаға отырды. Мектеп ұжымы білім сапасын арттыруға бар күші мен білімін жұмсайды. Оған биылғы ҰБТ қорытындысы дәлел, оның қорытындысы бойынша 80%; студенттер жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанды. Осы мақсатқа жету үшін 107 педагог өз үлестерін қосып, кәсіптік білімі мен біліктілік санаттарын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда. Мектепте жұмыс істейді: шебер-1,зерттеуші-31, сарапшы-17, модератор-42, магистр-10. Мектебіміз Жетісу ауданындағы инклюзивті білім беретін тірек мектебі болып табылады. Оқу жылында оқытушылар мен оқушылар түрлі деңгейдегі олимпиадалар, жарыстар мен спорттық жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептің көптеген кабинеттері жаңа талаптарға сай жаңартылды. Мен сіздерді сол кабинеттермен танысуға шақырамын. Ең алдымен балалардың қауіпсіздігі мақсатымен мектепке келген әр адамды бақылаудан өткізу үшін турникет орнарылыстырды.
Биылғы жылы ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында, инженериялық мамандықтарды көбірек дайындау туралы айтуына байланысты, біздің мектеп әкімшілігі сол ұсынысты қолдап, балалардың білім сапасын көтеру, сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатымен физика, химия, биология, география, информатика, көркем еңбек кабинеттерін заманауи құрылғыларымен жабдықтады.
Мектеп әкімшілігі оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануларына да көп мән беріп, хореография, домбыра, шахмат ойнау бұрышы, робототехника және кітапхананы талапқа сай жабдықтады.
«Денсаулық - зор байлық» демекші, балалардың денсаулықтарына көп мән беру мақсатынмен асхананы да жаңартты.
Құрметті ата-аналар, сіздердің қолдауларыңыз біз үшін маңызды. Сондықтан, сіздердің мектеппен байланыстарыңыз ешқашан үзілмесін. Жаңа оқу жылында сіздердің отбасыларыңызға мол табыс, зор денсаулық және үлкен жетістіктер тілейміз. ​https://www.instagram.com/p/C_lXLRws3h7/​​​