12
қыркүйек
2024
12.09.күні «Махамбет оқулары»атты аудандық байқау ұйымдастырылды. 12.09 был проведен районный конкурс «Махамбетские чтения»
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» ұйымдастыруымен мектеп окушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік тундыларын насихаттау мақсатында №110 мектеп- гимназиясында 2024 ж. 12.09.күні «Махамбет оқулары»атты аудандық байқау ұйымдастырылды. Байқауға мектебіміздің 9-сынып оқушылары қатысып, барлығы жүлделі орынмен оралды. 9 «А» сынып оқушысы Марат Ақниет “Ұлы арман” номинациясының 3 -орын иегері атанды. Жетекшісі: Шаяхметова Кульшат Ахметовна. Ал «Тартынбай сөйлер асылмын» номинациясы бойынша 9 «А» сынып оқушысы Мақсатқызы Аружан 2- орынмен марапатталды. Жетекшісі: Кузембаева Нурила Мейрамбековна. Сол сияқты 9 «В» орыс сыныбының оқушысы Амираслан Аслан Качай оглы «Шашақты найза, шалқар күй» номинациясы бойынша жүлделі 1- орынды жеңіп алып, қалалық байқауға жолдама алды. Жетекшісі: Шаяхметова Кульшат Ахметовна. Құттықтаймыз! https://www.instagram.com/p/C_0aQZQsYK8/?img_index=1