«Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымына өтуші оқушыларды қабылдау өтті » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымына өтуші оқушыларды қабылдау өтті
28
қазан
2024

«Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымына өтуші оқушыларды қабылдау өтті

24.10.23ж күні Алматы қаласы Білім басқармасының « №87 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымына өтуші оқушыларды қабылдап, еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар салт-дәстүріміз бен адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас жеткеншектерді, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеу мақсатында Республикалық Бірыңғай Жас Ұлан мен Жас Қыран балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрамына қабылдау рәсімін өткізді. Жиын барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізіліп, ән ұраны шырқалды. «Жас Қыран» ұйымына 2- сынып оқушылары мен «Жас Ұлан» ұйымына 5-сынып оқушылары қабылданып, ұйым мүшелері салтанатты түрде ант тапсырды. Іс-шара патриотизмдік рухты жырларға негізделіп, жиын оқушылардың «Жас Ұлан» гимнін шырқаумен аяқталды.