24
желтоқсан
2025
9 «Ә» сыныбына «Менің кәсіби бағдарыма алғашқы қадам» тақырыбында кәсіби бағдар беруге бағытталған тренинг өткізілді.
9 «Ә» сыныбына «Менің кәсіби бағдарыма алғашқы қадам» тақырыбында кәсіби бағдар беруге бағытталған тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандық таңдауға қатысты ойларын жүйелеу, жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін саналы түрде саралап, дұрыс кәсіби шешім қабылдауына жағдай жасау.
Тренингтің бастапқы кезеңінде оқушылар өзін таныстырып, өздері туралы қызықты дерекпен бөлісу арқылы еркін психологиялық ахуал қалыптастырды. Бұл жұмыс өткізу түрі қатысушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, оларға өз «менін» ашық көрсетуге көмектесті.
Негізгі бөлімде оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға арналған диагностикалық тесттер жүргізілді. Атап айтқанда, Холландтың кәсіби типологиясына негізделген тест арқылы оқушылардың кәсіби бағыт-бағдары айқындалып, олардың тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес келетін мамандықтар жөнінде түсінік берілді. Сонымен қатар «Менің қабілетім» және өзін-өзі бағалауға арналған сұрақтар арқылы оқушылар өз мүмкіндіктерін талдап, әсерлі және дамытуға қажет тұстарын анықтады.
Тренинг нәтижесінде оқушылар кәсіби таңдау үдерісінің жауапты әрі көпқырлы екенін түсініп, өз болашағына саналы көзқарас қалыптастырды. Іс-шара кәсіби өзін-өзі анықтауға алғашқы қадам жасауға, тұлғалық рефлексияны дамытуға және өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауда ішкі сенімділікті арттыруға бағытталды.