10.04.2026 жылы мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10.04.2026 жылы мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді
10
сәуір
2026

10.04.2026 жылы мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді

10.04.2026 жылы мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың тақырыбы:
«Болашаққа салынған ең құнды капитал – бала!»
 Бұл кездесу мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды.
 1-бөлім: Концерттік бағдарлама
Оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
 2-бөлім: Практикалық бөлім
Жиналыс барысында маңызды мәселелер қарастырылды:
 3-тоқсанның қорытындысы және оқу үдерісі
 Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары
 Медициналық мамандардың кеңесі
Жиналысқа Алматы қалалық №11 емханадан арнайы мамандар қатысты:
 • Эпидемиолог – Күлжанова Асия Азашовна
 • Гинеколог – Махамет Адиләм Азатжанқызы
 • Балалар денсаулығын қорғау орталығының меңгерушісі – Сәукімбекова Асия Мұхитдиновна
Мамандар оқушылар денсаулығына қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, жұқпалы аурулардың алдын алу, қызылшаға қарсы екпе, жеке гигиена және тазалық сақтау бойынша маңызды ақпарат берді.
 Сұрақ-жауап бөлімі
Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар мен мектеп әкімшілігі толық жауап берді.
 Жиналысты мектеп директоры Мылтыкбаева Улар Аманбековна ашып, білім беру үдерісіне қатысты барлық маңызды мәселелер бойынша мектеппен ашық байланыста болуға шақырды. Бала тәрбиесі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!

Похожие публикации: