2026 жылғы 23-30 наурыз аралығында Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласында жастар арасында ушу-саньдадан өткен әлем чемпионатында Алматы қаласындағы №87 орта мектептің «Жас сақшы» сыныбының 11 сынып оқушысы Богдан Неумывакин алтын медаль » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылғы 23-30 наурыз аралығында Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласында жастар арасында ушу-саньдадан өткен әлем чемпионатында Алматы қаласындағы №87 орта мектептің «Жас сақшы» сыныбының 11 сынып оқушысы Богдан Неумывакин алтын медаль
03
сәуір
2026

2026 жылғы 23-30 наурыз аралығында Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласында жастар арасында ушу-саньдадан өткен әлем чемпионатында Алматы қаласындағы №87 орта мектептің «Жас сақшы» сыныбының 11 сынып оқушысы Богдан Неумывакин алтын медаль

 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Богдан әлемдік жарыста жоғары шеберлік көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Қазақстан туын желбіреткен спортшыны бүгін Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері арнайы барып құттықтады. Олар жас спортшыға МКҚБ бастығы полиция полковнигі М.Мұхтаровтың Алғыс хатын тапсырып, оның анасына да гүл шоқтарымен құрмет көрсетті.
Сондай-ақ  МКҚБ мамандары №87 мектептің «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары арасында «Халық каһарманы» Ғазиз Байтасовтың туған күніне орай патриоттық тақырыпта дәріс өткізді.

 Сабақ барысында ел үшін мерт болған капитан Ғазиз Байтасовтың  ерлігіне жан-жақты тоқталып, ер есімінің ешқашан өшпейтінін дәріптеді.
Дәрістен кейін оқушыларға Ғазиз Байтасовтың өмірінен түсірілген деректі фильм көрсетілді.

 Аталған іс-шараның мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуды насихаттау.