Жеңіс күні қарсаңында 7-8 сынып оқушылары арасында «Бұл күндердің даңқы таусылмас...» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жеңіс күні қарсаңында 7-8 сынып оқушылары арасында «Бұл күндердің даңқы таусылмас...» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
10
мамыр
2023

Жеңіс күні қарсаңында 7-8 сынып оқушылары арасында «Бұл күндердің даңқы таусылмас...» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.

Жеңіс күні қарсаңында 7-8 сынып оқушылары арасында «Бұл күндердің даңқы таусылмас...» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты: Оқушылардың көркем шығармаларды мәнерлеп оқуға қызығушылығын арттыру және сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал ету, оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту.
Байқауда соғыс жылдарындағы шығармалар қойылып, осы сұрапыл жылдар туралы бейнероликтер көрсетілді. Сайысқа қатысушылар бұл шараға жауапкершілікпен қарады. Жамбылдың, Қ.Симоновтың, Ә.Тәжібаевтың, Р.Ғамзатовтың және басқа авторлардың өлеңдері оқылды.
Соғыстан қайпағандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. 5 «Г» және 7 «А» сынып оқушылары сайысқа қатысушыларды музыкалық нөмірлермен қолдады. Қатысушылар саны көп болғандықтан, қазылар алқасы мүшелеріне орындарды анықтау қиынға соқты. Сондықтан байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар анықталды: Айтман Айша, Қалиева Бағым, Молдабек Таңсамал,
Асан Беарыс, Қонысбек Ақерке т.б. Байқауды орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жалелова Дария Исмагулқызы ұйымдастырды.
https://www.instagram.com/p/CsDILZToXQB/?utm_source=ig_web_copy_link​​​