CodiKIT » Школа №87 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№87 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-98-92-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-90-43-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ақпан
2024

CodiKIT

Мектепте робототехникасын оқыту келесі білім беру конструкторларының көмегімен жүзеге асырылады: Lego Spike, Lego Mindstorms EV3, Arduino, және т.б.
Соның ішінде біздің мектеп Қазақстандық CodiPlay компаниясымен келісімшартқа отырып, CodiKIT конструкторларын пайдаланып, Arduino-мен жұмыс жасайды. CodiPlay компаниясының бізге берер мүмкіндіктері орасан зор. Атап айтатын болсақ, CodiKIT конструкторларын пайдалану арқылы теория жүзінде алынған білімдерін іс жүзінде жүзеге асыра алады.Жинақта 15-тен астам жобаны жасау үшін қажет барлық бөліктер бар.Сонымен қоса CodiPlay мобильді қосымшасы арқылы жас ерекшеліктеріне қарай, бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы қызықтыра отырып алгоритмдер мен циклдардың принциптерін түсінуге көмектеседі. Қосымшада кодты тікелей смартфоннан құрастыруға арналған бірегей жүйе қамтылған, барлық кезеңде компьютерге деген қажеттілікті болдырмайды.
Қазақстанда инженер мамандығы тапшы болып отыр. Осыған байланысты елімізде инженер мамандығына деген оның мәртебесін арттыруға деген қызығушылықты ояту керек. Ал қазіргі таңда роботпен жұмыс техникасын меңгерген әрбір оқушы болашақта еліміздің инженерлік саласындағы майталман мамандары болып шығары сөзсіз.
https://www.instagram.com/reel/C3DWPcJs4Tt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

Похожие публикации: