«Тілім менің- ғасырларға аманат» атты қазақ тілі мен әдебиеті
Алматы қаласы Жетісу ауданы №87 жалпы білім беретін мектепте қазан айының 16 жұлдызында «Тілім менің- ғасырларға аманат» атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бесбаева Назым Есимханқызының жетекшілігімен 4- сынып оқушылары арасында «Кім алғыр, кім тапқыр?» зияткерлік сайысы өткізілді. сайыстың мақсаты: Оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке дағдыландыру. Мемлекеттік тілді құрметтеуге, мемлекеттік тілді сүюге, мәртебесін биік ұстауға тәрбиелеу