1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық – бірліктің
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық – бірліктің тірегі» атты мектепішілік шеру өткізілді. Шеруге 1–10 сынып оқушылары қатысып, әртүрлі ұлттардың өнерін, мәдениеті мен ұлттық киімдерін көпшілікке ұсынды. Іс-шара барысында оқушылар бірліктің маңызын, достықтың қадірін насихаттап, татулық пен келісімнің үлгісін көрсетті. Қазақстанда өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі – еліміздің басты байлығы әрі болашағының берік негізі