16
сәуір
2026
«Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат» тақырыбында 7–9 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекелеріне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылса, екінші бөлім «Тәуелсіздік ұрпақтары – елдің қорғаны» атты 9–10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған жеңіл атлетикалық, әскерилендірілген эстафетамен жалғасын тапты.
Іс-шараға Жетісу аудандық прокуратурасының қызметкерлері, Алматы қалалық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Техника және қару-жарақты жөндеу басқармасының мамандары, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысты.
Құрметті қонақтар қатында Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығы полиция полковнигі Мархабат Ғабдыхалықұлы Мұхтаров, Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 1-полиция батальоны командирінің орынбасары полиция подполковнигі Олжас Ахметжанұлы Сүлейменов, бейбіт күннің батырлары Аян Ғалиев пен Арслан Құрманбековтың жақындары — Бақтыгүл Құрманбекова мен Амина Аянқызы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Техника және қару-жарақты жөндеу басқармасы бастығының орынбасары, полковник Баетов Ринат Манапұлы, тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімшесінің аға офицері, майор Ерболат Ерлан, тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімшесінің клуб бастығы, қатардағы жауынгер Әділхан Бахытбек, инженерлік құрылыстар мен қоршауларды дайындау жөніндегі бөлімшенің шебері, ефрейтор Айты Нұрсұлтан Жанатбекұлы, Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Фарида Набиулловна, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері болды.
Арнайы шақырылған Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері іс-шараға жоғары бағаларын беріп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті. Мерекелік кеш барысында ерлік пен елдік рухы дәріптеліп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады