Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіру және құқықбұзушылықтың алдын алу
Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектебімізге Жетісу ауданы прокуратурасының прокуроры Жанаберген Жансерік Жеңісұлы келіп, оқушылармен профилактикалық іс-шара өткізді. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, жасөспірімдер арасындағы тәртіп, жауапкершілік және қауіпсіздік мәселелері түсіндіріліп, пайдалы кеңестер берілді. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңында белсенділік танытты. С целью совершенствования воспитательной работы